Архив событий

02/06/2017

Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері күнінің 25 жылдығына орай Қостанай облыстық соты бірнеше спорт түрінен турнир өткізді

02/06/2017

Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері күнінің 25 жылдығы қарсаңында Қостанай облыстық соты облыс судьялары арасында шашка, шахмат, үстелдегі теннис және бильярд сынды спорт түрлерінен турнир өткізді.

Әйелдер арасында шашкадан бірінші орынды Қостанай қалалық сотының судьясы Бақыткүл Қанқұлова, екінші орынды Лисаков қалалық сотының судьясы Нағима Насырова, үшінші орынды облыстық сот судьясы Гүлманат Артықбаева иеленді.

Қостанайда университет ғимаратында медиация кабинетінің салтанатты ашылуы өтті

02/06/2017

Академик З.Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетімен өзара іс-қимыл жөнінде бекітілген меморандум аясында Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев аталған оқу орнында салтанатты түрде медиация кабинетінің ашылуы рәсіміне қатысты.

Меңдіқарау аудандық соты бухгалтерді 3 млн. теңгені ұрлауда айыпты деп таныды

02/06/2017

Меңдіқара ауданына қарасты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің 37 жастағы бухгалтері ҚР ҚК 189-бабы 3-тармағы 1,2-тармақшасы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) айыпты деп танылды.

2013 жылдан 2017 жылға дейін төрт жыл аталған мемлекеттік мекемеде бухгалтер қызметін атқарған азаматша өзінің жалақысын және басқа да төлемдерін асыра көрсетіп, өз есеп шотына қаражатты заңсыз аударып отырған. Осылайша, ол 2 821 476 теңгені қымқырған.

Қостанай ауданында жәбірленушімен бітімгершілікке келген сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен басатылды

02/06/2017

Қостанай аудандық соты ҚР қк 188-бабы 1-тармағы бойынша (ұрлық) айыпталған Е-ге қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды. 

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылғы 28 ақпанда Қостанай ауданының Мичурино ауылында сотталушы Е. тұрғын үйдің жертөле қабатынан салмағы 19 келі, құны 25 000 теңге болатын мыс кабелді ұрлап кеткен.

Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленуші арасында медиативтік келісім жасалды.

Жангелдин аудандық соты мүмкіндігі шектеулі баланы мерекемен құттықтады

02/06/2017

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсанына, Жангелдин ауданының мемлекеттік мекемелерінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.  Іс-шара барысында Жангелдин аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Абылай Кожаков .2002 жылы туған  М.Аханды мерекесімен құттықтап, сыйлық жасады.