Архив событий

28/06/2017

Қостанай облыстық соты ұрланған бұйымдарды қабылау фактісі бойынша ломбардты тексеру үшін прокурор атына жеке ұйғарым шығарды

28/06/2017

Қостанай облыстық соты Рудныйдағы ломбардтардың бірінің одан қарыз ақшаны өндіру туралы талабы негізінде шығарылған сот шешімімен келіспеген азаматтың шағымы бойынша азаматтық істі қарады. 

Өткен жылдың 5 желтоқсанында азамат В. кепілдік қалдыру келісім шарты негізінде ломбардқа ноутбук тапсырып  25 000 теңге несие алған. Уақытында азамат қарыз ақшаны қайтармаған, ал ноутбук ішкі істер органдары тергеп жатқан қылмыстық іс негізінде ломбардтан алынған. Кепілдік заттан да, ақшадан да айырылған ЖШС сотқа жүгінген.  

Денисов аудандық сотының төрағасы «Наше время» редакция ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2017

 Бүгін 28 маусымда – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күннде Денисов аудандық сотының төрағасы В.Лелека мен аудан прокуроры  А. Болтаев Денисов аудандық «Наше время»  газетінің редакциясында болып, басылым ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Өткен ғасырдың 38 жылынан бері шығарылып келе жатқан газет аудандағы жалғыз бұқаралық ақпарат құралы.

Өз құттықтау сөздеріне сот төрағасы мен прокурор редакция жұмысының ерекшеліктеріне, құқық қорғау органдарымен байланысының тиімділіктеріне тоқталды.

Қостанай қалалық сотында "Ашық есік күні" өтті

28/06/2017

Халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырып, сот төрелігіне қолжетімділікті шыңдау мақсатына Қостанай қалалық сотында "Ашық есік күні" шарасы өткізілді.

Сотқа келушілерді сот төрағасы Мұрат Найманов қабылдап, қабылдауға келген азаматтардың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысты сауалдарына жауап берді. Келушілер сауалдары талап шағымын беру және соттағы өкілдікке қатысты болды. Оларға төраға азаматтық құқықтық заңнама нормалары бойынша түсініктеме берілді.