Архив событий

31/05/2017

Қостанайда судьялар науқас балаларға мерекелік кеш ұйымдастырды

31/05/2017

«Жақсылық жаса – жақыныңа көмектес!» қайырымдылық шарасын жалғастыра отырып, Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев «Қостанай облысының балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінде тәрбиеленіп жатқан балаларға барып қайтты. Орталықта түрлі деңгейдегі психоневрологиялық ауруға шалдыққан, балалардың  церебералды сал диагнозы қойылған, Даун синдромы бар, ақыл-есі кем 4 жастан 18 жасқа дейінгі 107 бала өмір сүруде.   Басым көпшілігінен ата-анасы бас тартқан, араларында ата-анасы келіп тұратындары да бар.

Пара алғаны үшін айыппұл салынған бұрынғы полиция қызметкерінің жазасы бас бостандығынан айыруға алмастырылды

31/05/2017

Жуырда Қарабалық аудандық соты 27 жастағы сотталушы Ермек Исановқа айыппұл түріндегі жазаны нақты бас бостандығынан айыруға алмастыртуры туралы іс материалдарын қарады.

Бұрынғы полиция қызметкері Е.Исанов Қарабалық ауданындағы "Рубеж" бақылау бекетінде әріптестерімен бірігіп Ресей азаматтарынан екі мәрте ақша бопсалаған.

2016 жылдың 23 маусымында сағат 13.00 шамасында бопсалау жолымен жүргізуші Ш-дан 7 жүк көлігінің құжаттарын тесермей бекеттен кезергісіз өтуі үшін 7 мың теңге көлемінде пара алған.