Қостанай облыстық сотында алаяқтық пен парақорлыққа делдалдық жасады деп күдіктеліп отырған адвокат қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық соты жәбірленушінің шағымымы мен Қостанай көлік прокуратурасының келтірген қарсылығына орай Қостанай қалалық №2 сотының ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы және 368-бабы 1-бөлігі бойынша (ірі көлемде алаяқтық, парақорлыққа делдал болу) қарастырылған қылмыстық істі жасады деп күдіктеліп отырған Қостанай облысы адвокаттар алқасының адвокаты Е.Мұхамеджановқа қатысты алынған бұлтартпау шарасы бойынша қаулысын  қайта қарады.

Бірінші сатылы сот қаулысымен ҚР ҚПК 148-бабы 7-бөлігі қолданылыпт күдіктіге қатысты кепілдік түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған болатын.

Адвокат Мұхамеджанов ағымдағы жылдың 9 ақпанында жәбірленушімен кездесіп, оған қатысты іс материалдарын тоқтатып, оның қылмыстық жауапкершілікке тартылуының алдын алу үшін мемлекеттік кірістер департаментінің жедел-іздестіру қызметі басқармасының қызметкерлеріне 5 млн. теңге беру қажет екенін айтады. Алайда, Мұхамеджанов мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне 3 млн. теңге беріп, 2 млн. теңгені өзі қалтасына баспақ болған.

Бұған жәбірленуші өз келісімін беріп, 13 ақпанда сағат 20.00 шамасында адвокатқа 5 млн. теңге береді. Келер күні, 14 ақпанда сағат 11.00 шамасында М. 3 млн. теңгені тиісті адамдарға беріп, қалғанын өзіне қалдырған.

Облыстық сотта қалалық №2 сот қаулысы өзгерітіліп, адвокат сот залында тұтқындалды. Кепілдік ретіндегі 1 млн. 134 мың теңге кепіл берушіге қайтарылды.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі