Қостанай облыстық сотында судьялар мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычковамен кездесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычковамен кездесу өтті. Кездесудегі басты мәселе Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын талқылау болды.

Алғы сөз алған сот төрағасы Жолдауды жүзеге асыруға барлық билік тармақтары барынша ден қоюы керектігін атап өтті.

Жолдауды кеңінен талқылаған С.Бычкова соңғы бес басымдылыққа тоқталып, білім, денсаулық және әлекуметтік қамтамасыз ету салаларындағы жаңғырудың мәнісін аша түсті. Заңнамаларға енгізіледі деп күтіліп отырған өзгерістерге тоқталған депутат, ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердегі өзгерістерді айтты. Оның мәлімдеуінше, сот үкімімен тағайындалатын айыппұлдарға қатысты сауалдар көп. Басым жағдайда сотталушылардың қомақты айыппұлды төлейтін мүмкіндіктері жоқ. Осыған орай, заңға арнайы қосымшалар енгізіледі.

Кездесу барысында С.Бычкова сот мәртебесіне, судьялардың зейнетақылық қамтамасыз етілуі, сот практикасында медиацияны қолдану турасындағы сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, судьялар тарапынан айтылған ұсыныстарды тыңдады. Мәселен, судьялар бала кезінен мүгедек болған жандарға және оларға күтім көрсетіп отырған аналарына (қорғаушыларына) бала кәмелетке толғаннан кейін де жәрдемақы төлеп, баласына күтім көрсеткен жылдарын еңбек өтілі ретінде есепту мәселесін заңды тұрғындан жүзеге асыруды ұсынды.

Судьялық лауазымға үміткерлерді іріктеу тәртібінің күшейтілгендігі, аттестацияны тапсыра алмаған судьяның екінші мәрте тапсыруға мүмкіндігі болмайтындығы да талқыланды.

Бұл тұрғыда, депутат: «Егер судья сапалы жұмыс істесе, істің қаралу мерзімі мен тәртібін сақтаса, оның әрекетіне шағым түспесе, оған тағылар мін жоқ»,-деді.

Кездесу соңында сот төрағасы   С.Бычковаға алғысын білдірді.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі