Қостанай облысының судьялары "Сот шешімдерінің сапасын арттыру" тақырыбындағы семинар-тренингке қатысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының Оқу орталығы базасында  «Сот шешімдерінің сапасын арттыру" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Қостанай облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Семинар жұмысын бастаған оқу бағдарламаларының координаторы Гауһар Сейдахметова тақырыптың өзектілігін атап өтті. Судья сот тәжірибесінің біртектілігі, қабылданған шешімдердің бірізділігі сот төрелігін жүзеге асыру сапасының  көрсеткіші екендігіне тоқталды. Сот шешімі әлеуметтік тәртіпті бекітіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын дамытуға ықпал етуі тиіс.

Семинар тақырыбы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесін қамтыды. Әр мамандану бойынша судьялар баяндама жасап, нақты сот актілерінен мысалдар келтірді.

Баяндама жасаушылар сот үкімдері мен қаулыларындағы бастапқы бөлігі мен қарар бөлігінің мазмұнына қойылатын процесуалдық заң талаптарының сақталмайтындығын сөз етті.  Бұған қоса, мазмұндық мен стилистикалық қателікке жол берілген сот үкімдері мен қаулылары кездеседі. Сот шешімдерінде сот ісін жүргізу тілінің ресмилігіне нұқсан келтіретін ауызекі сөзге, сленгке, жаргонға, жергілікті диалектке жол берілмейді.

Семинарға қатысушылар судьялардың жұмыс ауыртпалығы сот шешімдерінің сапасына кері әсерін тигізбеуі керек деген ойды ортаға салды.  Себебі шығарылған сот шешімі тек сот жүйесінің ғана емес тұтас мемлекеттің бетбейнесі.

«Бүгінде судьяларға қойылатын басты талаптың бірі - бейтарап, жарыспалылыққа құрмет көрсету, тараптарға сыпайылылық т.б. сынды әділ сот тартысын көрсететін сапалы сот шешімдерін шығара білу»,- деп атап өтті оқу бағдарламаларының координаторы Г.Сейдахметова.

Жергілікті сот судьялары сот шешімдерін жасау әдістемесі және шешімдерге қойылатын негізгі критерииялары бойынша слайд ұсынды.

Семинар-тренинг пікір алмасу форматында жалғасын тауып, онда проблемалық мәселелер талқыланды.

Іс-шара соңында ақпараттық буклеттер таратылды.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі