Қостанайда судьялар науқас балаларға мерекелік кеш ұйымдастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Жақсылық жаса – жақыныңа көмектес!» қайырымдылық шарасын жалғастыра отырып, Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев «Қостанай облысының балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінде тәрбиеленіп жатқан балаларға барып қайтты. Орталықта түрлі деңгейдегі психоневрологиялық ауруға шалдыққан, балалардың  церебералды сал диагнозы қойылған, Даун синдромы бар, ақыл-есі кем 4 жастан 18 жасқа дейінгі 107 бала өмір сүруде.   Басым көпшілігінен ата-анасы бас тартқан, араларында ата-анасы келіп тұратындары да бар.

Облыстық сот судьялары мен мамандары ортақтасып жинаған қаражатқа аниматорлардың көңілді шоуы ұйымдастырылды. Көңілді әуен ырғағына балалар билеп, ойындар ойнап, сыйлықтарға шын көңілдерімен қуанды. Әсіресе, сабын көпіршігі шоуы балалар көңілінен шықты. Балалармен бірге орталықтың тәрбиешілері, дефектологтары мен күтушілері де қуанды. Алдарына жастары кіші балаларды отырғызған орталық қызметкерлері оларға аса мейірімділікпен болып жатқан іс-шараны түсіндіріп  жатты.

Балалар орталығына түскен әр балаға дефектолог маман бекітіліп, ол  баланың аяғынан тұруымен айналысады екен.

Руслан Конакбаев орталықта 11 жылдан бері тәрбиеленуде. Қазір ол он бес жаста. Балалардың  церебералды сал дертімен туған, алайда ақыл – есінде кінәрәт жоқ. Табалы бар жеткіншек, ән айтқанды ұнатады, түрлі қалалық конкурстарға қатысады. Жуырда арнайы түзету мектебін бітіретін Руслан ең басты арманымен бөлісіп,  ата-анасын тапқысы келетінін айтты.

Дефектолог маман Наталья Андреевнаның алдында жеті жастағы Аян отырды. Мінезі биязы, білмекке құмар бала пазл, конструктор құрастырғанды, әуен тыңдағанды ұнатады екен. Аянға анасы, інісі мен қарындасы келіп тұратын көрінеді.

Ауыр дертке шалдыққан бес жастағы Мейрам мен Вячеслав орталыққа бірге келген. Жылдан астам уақыт өтсе де олардың жақындары келмеген. Бастапқыда аяқтарын баса алмаған балалар бүгінде сүйеніп тұрып бірнеше қадам жасай алады. 

Орталық мамандарының айтуынша, олар тағдырлары қиын балаларға  барынша жақсылық жасап, өмірлерін айшықтандыруға тырысады. Қыз балалар еңбек терепиясы сабағында тігін тігіп, тоқыма тоқып, түрлі әшекейлер жасап үйренеді.

Ұйымдастырылған шоудан кейін, сот қызметкерлері балалардың дамуына пайдалы дидактикалық материалдар түрінде түрлі сыйлықтар тарту етті.

Балалар орталығының қызметкерлері мен балалар сот ұжымының өткізген іс-шарасына ризашылықтарын білдріп, алғыстарын айтты.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі