Қостанай қаласы әкімшілік сотының төрағасы брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Игорь Дудин БАҚ өкілеріне брифинг өткізді. 

Төраға жыл басынан бері қаралған әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Сондай-ақ И.Дудин әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелген тұлға сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейінгі 30 күн ішінде айыппұлды төлеуге міндетті екенін айтты. Аталған мерзім өткеннен соң әрекет ҚР ӘКБтК 669-бабымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. 

Бұған қоса, әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауапкершілікке тарту туралы ақпарат базаға енгізіледі.

 

 

Источник: 
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты