Қарабалық аудандық соты дауды партисипативтік рәсіммен шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарабалық аудандық сотының тұрғыны мұрагерлік құқығын танып, мүлікті бөлу туралы талап шағымымен  сотқа жүгінген. 

Азаматша П. жауапкер З-мен ерлі-зайптылар ретінде 2007 жылдан бері бірге тұрған, ортақ балалары бар.

Бірге тұрған мерзім ішінде тараптар жылқы, бұзау, шошқа, сиыр сынды ортақ шаруашылықты иемденген.

Ортақ меншікті бөлуге қатысты азаматтық іс бойынша сот отырысы кезінде тараптар екеуінің адвокатының қатысуымен дауды  партисипатитік рәсім арқылы шешуге ұысыныс жасады.

Бекітілген келісімнің  шарттарына сәйкес, жауапкер талапкерге жылқыны, сиырды және төрт торайымен шошқаны береді. Ал талапкер өз шағымынан бас тартады.  

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы келісім бекітіді.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі