Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өтті.

Азаматтарды әкімшілік соттың төрағасы Игорь Игоревич Дудин  қабылдады. Іс-шара тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін жоғарылату және сот жүйесіне сенімін арттыру, сонымен қатар сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

Іс шара барысында төрағаның қабылдауындаболған  азаматша Н.Оспанова әкімшілік іс бойынша сот қаулысына шағым жасау барысы туралы сұрады.

Сот төрағасы заңнаманы түсіндіре отырып, қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берді.

Қайнар: 
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты