Қостанайда екі әйел арасындағы дау медиативтік келісіммен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотында моральдық залалды өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды. Азаматша О. жауапкер К-дан 200 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіру туралы шағымымен сотқа жүгінген.

Шағым иесі жауапкерді өзіне тіл тизііп, соққы жасау арқылы оған моральдық, адамгершілік қайғы-қасырет келтірді деп айыптаған. Қылмыстық іс Қостанай қалалық №2 сотында қаралды. Бірінші сатылы сот, кейін, апелляциялық соты азаматшаның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық нышаны жоқ деп мойындап, оны айыпсыз деп таныды.    

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация арқылы шешуге ниеттерін білдірді. Келісімнің шарттарына сай жауапкер талап шағымды ішінара мойындап, ағымдағы жылдың 8 шілдесіне дейін 50 000 теңге моральдық залалды төлеуге міндеттелді. 

Сот дауды медиация тәртібімен аяқтау туралы келісімді бекітті. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі