Арқалықта сот адамды тырнады деп айыпталған зейнеткерге ақтау үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арқалықта сот 61 жастағы зейнеткерге қатысты ақтау үкімін шығарды.

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Астанаға жол жүрмек болған зейнеткер қол сөмкелерін көтеріп тар жолмен темір жол вокзалына қарай бет алған. Қарсы шыққан азаматша У. зейнеткер иығымен қағып кетті деп жала жауып, кеудесінен үш рет соққы жасаған.  Автобусты жіберіп алмауға асыққан азаматша сөмкесін сермеп оны тоқтатпақ болады. Екеуі өзара дауласып жатқанда автобус та кетіп қалған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жолды бөгеген 59 жастағы азаматша арыз жазып, сотқа жүгінген.  Жауапкерді ол ҚР ҚК 108 бабы бойынша айыптаған.Оның мәлімдеуінше, сөмкесін сермеген зейнеткер сөмкемен оның маңдайын сырып кеткен.   Екі әйел де бітімгершілікке келуден бас тартқан. Бірі жарақат салды деп айыптаса, екіншісі әдейі істемегендігін айтқан.

Іс материалдарын қарап, тараптарды тыңдаған сот азамат Т-ның әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық нышанын таппай, ақтау үкімін шығарды.

Сот үкімімен келіспеген шағым иесі апелляциялық сатыға шағым келтірген. Облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі