Бір тәулікке әкімшілік қамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2014 жылғы 25 сәуірде ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Д.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес, 2014 жылғы 23 сәуірде сағат 18.40 шамасында ІІЖБ қызметкерлерімен Қостанай станциясында №6813 «Троицк-Қостанай» жолаушы поезінде азамат Д. ұсталған, ол өзімен бірге ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік затын сақтаған. Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған зат - салмағы 1,64 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты болып табылды, оны азамат Д. өткізу мақсатынсыз өзі қолдану үшін сақтаған, сол арқылы ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы 1-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасады.

Сотпен азамат Д. есірткі құралдарын жоюмен бір тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза салынумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.