Қостанайда такси жүргізушісіне шабул жасағандар жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ішімдік ішкен үш жігіт «Звездное» қонақүйіне жетпекші болып такси шақырады. Жол бойында жігіттердің бірі өзін нашар сезініп тұрғанын айтып, Қостанай ауданының Алтынсарин ауылына жеткізіп салуды өтінген. Кейін таксиде отырған өзге екі жігіт бір-бірімен сөзге келіп қалады. Олар Мичурин ауылынан екі шақырым асқан жерде көлікті тоқтатып өзара жанжалдасады. Қайта көліккке отырған оларда көлікті және ондағы құнды заттарды ұрлау ниеттері пайда болған. Жүргізуші қасында отырған жігіт қауіпсіздік белдеуімен жүргізушіні буындыра бастаған. Қарсылық көрсеткен жәбірленушіге артқы орындықта отырған жігітте бас салып, жұдырықтай бастайды. Өзін жайсыз сезінген жігіттің жүргізушіге тиіспеу туралы өтінішіне олар құлақ аспаған. Ебін тапқан жүргізуші көліктен сытылып шығып, көлік кілтін де өзімен бірге ала түскен.

Кілтсіз көлікті қыздыра алмаған қарақшылар 10 мың теңге мен құны 30 мың теңге болатын бейнерегистраторды еншілеген. 

Қостанай аудандық сотының үкімімен екеуі қылмыстық істе айыпты деп танылып, мүліктері тәркіленіп, біріне 4 жыл, екіншісіне 3,5 жыл бас бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі