Архив событий

01/06/2016

Қостанай қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы өзгеге жала жабқаны үшін сотталды

01/06/2016

Қостанай облыстық сотында жиі кездесе бермейтін іс бойынша апелляциялық шағым қаралды.

Қостанай қаласының тұрғыны азаматша Б. «Одноклассники» әлеуметтік желіндегі парақшасында  өзінің атына кір келтіріп, жалған ақпарат таратқан азаматша А-ға шағымымен сотқа жүгінді. Азаматша А. өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы атақты туристік агенттікте менеджер болып жұмыс істейтін азаматша Б-ны алаяқтық пен кезептікте кінәлаған.  Қала тұрғындарын Б-ға сенбеуге үгіттеген А. оның фотосуретін де желіге салған.

Қостанай облысының соттары балаларды мерекелерімен құттықтауда

01/06/2016

Қостанай облысының соттары өз жалғасын тапқан «Жақсылық жаса – жақыныңа көмектес!» акциясының аясында аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасыларындағы балаларға көмек көрсетуде.

Қостанай облыстық сотының ұжымы бұан дейін де көмек көрсеткен көп балалы Байменовтердің отбасында болып қайтты. Құралай Байменова жастары 0 –ден 14 жасқа дейінгі аралықтағы 7 қыз баланы тәрбиелеп отыр,  жұбайы II топтағы мүгедек жан.

Облыстық сот судьялары мен қызметкерлері атынан Байменовтар отбасына материалдық көмек көрсетілді.