Архив событий

21/06/2016

Қостанай облыстық сотында судьялар заңсыз есірткі саудасына қатысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар жасады

21/06/2016

Қостанай облыстық сотының Оқу орталығы базасында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған судьялардың және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Заңсыз есірткі саудасына қатысты қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын проблемалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел модераторы болған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Арман Шәмшиев тақырыптың өзектілігін тоқталды.

Қостанайда сот көлік жүргізушісіне 2,5 жыл бас бостандығынан айыру және 2 млн. теңге моральдық зиянды өтеу жазасын тағайындады

21/06/2016

Қостанай қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни көлiк құралдарын басқаруда жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуда айыпталған 1980 жылы туған Вячеслав Урсанға қатысты сот үкімін шығарды.

В.Урсан 2015 жылдың 16 қарашасында сағат 08.00 шамасында Қостанайдағы «Рассвет» автобус аялдамасының маңында «Mersedes Benz 814» маркалы автокөлігімен жүріп келе жатып қылмыстық менмендік жасап, жолақты жерден жолдан өтпек болған жаяу жүргінші К.Өтеулинді соғып кеткен.