Архив событий

06/06/2016

Зейнеткерді тонағандар 4 жылға сотталды

06/06/2016

Лисаков қалалық соты бұған дейін де бірнеше рет істі болған 1982 жылы туған В.Негрий мен 1985 жылы туған С.Киселевқа қатысты қылмыстық істі қарады. Олар ҚР ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігі 1,3,4 тармақтары бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тұрғын үйге заңсыз кiріп жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін ашық тонау) айыпталған.

Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша істе тараптар бітімгершілікке келді

06/06/2016

Наурызым аудандық соты ҚР ҚК-нің 293 бабы 1 бөлігі бойынша азаматша С-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдары бойынша, азаматша С. «Инфинити» дәмханасының маңында айтарлықтай себепсіз екі қызды ұрып-соғып, оларға дене жарақатын келтірген.

Жәбірленушілер Ж. және Р. соттық тергеу басталғанға дейін азаматша С. келтірген барлық шығындарды өтеуіне орай және тараптар арасында медиациялық тәртіппен бітімгершілік жасалғанын мәлімдеп айыпталушыға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды өтінген.

Қостанай облыстық соты өз анасының қазасына кінәлі азаматты мұрагерліктен шеттетті

06/06/2016

Қостанай қаласының тұрғыны лайықсыз мұрагерді шеттету туралы арызын қанағаттандырмаған бірінші инстанциялы сот шешіміне апелляциялық шағымымен облыстық сотқа жүгінді. Шағым иесі қызы А-ның қазасынан кейін оның пәтеріне бірінші кезекті мұрагер екендігін атап көрсеткен.

Президент Жарлығымен Қостанай облыстық сотының судьясы лауазымына тағайындалды

06/06/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 31 мамырдағы Жарлығымен Қостанай облыстық сотының судьясы лауазымына тағайындалған судьялар бүгін салтанатты түрде таныстырылды.

Бұған дейін Қостанай қалалық №2 сотында судья болған Мәдина Саламатова, экономикалық сотта сот төрелігін жүзеге асырған Гауһар Сейдахметова, Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы болған Мақсат Серғазин облыстық сот судьялары болып тағайындалды. Олардың барлығының жұмыс өтілі 13 жылдан кем емес.