Архив событий

03/06/2016

Жетпістен асқан кейуана жұбайын өлтірді деп айыпталып отыр

03/06/2016

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына өзінің жұбайын өлтірді деп Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 бөлігі бойынша айыпталған 73 жастағы азаматша Юлия Чиловаға қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материалдары бойынша, үстіміздегі жылдың 23 ақпанында сағат 15.00 шамасында Қостанай ауданының Владимиров ауылында мерекеге орай айыпталушының жұбайы Владимир Чилов дүкеннен бір бөтелке ішімдік сатып алады.

Ұзынкөл ауданында азаматқа электошокер сақтағаны үшін 42 000 теңге айыппұл салынды

03/06/2016

Ұзынкөл аудандық сотында 25 жастағы азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша ағымдағы жылдың 28 мамырында сағат 08.35 шамасында "Обаған-авто" көліктік бақылау бекетінде "Лексус RX 300" автокөлігін тексеру кезінде ішкі істер органдарында тіркелмеген электрошокер табылып, тәркіленген. Тиісті құжатсыз электрошокер сақтаған және заңсыз тасмалдаған жас жігіт полиция қызметкерлерімен ұсталған.