Архив событий

16/06/2016

Қостанай облысында полиция қызметкеріне күш көрсеткен азамат жазаланды

16/06/2016

Таран аудандық соты ҚР ҚК-нің 380 бабы 1 бөлігі бойынша (билік өкілінің өз лауазымдық міндеттерін атқаруына оған немесе оның жақындарына қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) айыпталған азамат М-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Азамат М. ағымдағы жылдың 6 мамырында сағат 8.30 шамасында алкоголдік мас күйінде Таран ауданының Тобыл кентіндегі желілік полиция бөлімшесінде ешқандай себепсіз полиция сержанты И-ді балағаттап тіл тигізгені үшін айыпты деп танылды.