Архив событий

02/06/2016

Қостанай қалалық сотының маманы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы шығармашылық конкурсқа қатысты

02/06/2016

Қостанай қалалық сотының маманы Айгүл Сатыбалдина Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған шығармашылық сайысқа қатысты. Сайыс "Мирас" қалалық мәдениет үйінде өтті. 

Конкурсты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасымен бірге ұйымдастырған.

Лисаковта жарылыс туралы жалған хабар берген азаматты қамауға алуға санкция берілді

02/06/2016

Қостанай облысының Лисаков қалалық соты қалалық ішкі істер бөлімі тергеу бөлімінің тергеушісінің 1992 жылы туған азамат Л-ны екі айға қамаққа алу туралы өтінішін қанағаттандырды.

24 жастағы азамат ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша (терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабар бер) айыпталып отыр.

Ағымдағы жылдың 29 мамырында азамат Л. ішімдікке мас болған күйінде "112" номеріне телефон шалып "Иволга Холдинг" жанармай құю бекетінде жарылыс болатындығы туралы хабарлаған.

Арқалық қалалық сотының судьялары бітімгершілік рәсімдерін қолдану және насихаттау бойынша меморандумға қол қоюға келісті

02/06/2016

Арқалық қалалық сотында қалалық коммуналдық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен заңгерлерінің, заңды тұлғалардың, адвокаттар мен нотариустардың, сот орындаушыларының, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Келісім рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында бітімгершілік бекіту мәселелері талқыланды.