Архив событий

15/06/2016

Сот шешімімен малды соғып көлігін зақымдаған азаматтың пайдасына шығын өтемі өндірілді

15/06/2016

Қостанай қалалық сотының шешімімен азаматтық іс бойынша жауапкерден 2 млн. теңге өндірілді. Сотқа 2012 жылы шыққан "Тайота ланд Крузер" маркалы автокөлігін жолдан өткен сиырмен соқтығысу салдарынан  зақымдаған талапкер жүгінген болатын.   

Оқиға ағымдағы жылдың сәуір айында КЖБИ шағын ауданындағы тас жолда сағат түнгі 12 шамасында орын алған. Жүргізуші қала шетіндегі көшелердің бірінде иесіз жол үстінен өтіп жара жатқан сиырды соғып көлігін зақымдаған. Мал иесі ҚР ӘҚБтК 615 бабы 2 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысының тұрғыны баласын соққыға жыққаны үшін 180 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды

15/06/2016

Қостанай облысының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 39 жастағы Таран ауданының тұрғынына қатысқы қылмыстық істі қарады. Ол уақытында үйіне келмеген қызын ұрып-соққан.

Қостанайда кісі өліміне қатысты қылмыстық істі қарау күні белгіленді

15/06/2016

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ҚР ҚК-нің 99-бабы 1 бөлігі бойынша айыпталған 1946 жылы туған азамат Л-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Егде жастағы ерлі-зайыптылардың отбасылық жанжалы қайғылы оқиғамен аяқталған.