Архив событий

20/06/2016

Қостанайда сот сақтандыру компаниясынан азаматтың пайдасына қайтарылмаған сақтандыру төлемдерін өндірді

20/06/2016

Қостанай қалалық сотына азамат С. «НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамынан сақтандыру төлемдерінің қалған соммасын өніру шағыммен сотқа жүгінген.

Өткен жылдың желтоқсанында шағымданушы көлігімен азамат А-ның автокөлігіне соқтығысып, материалдық шығынға батқан. Жолдың тайғақ болуына байланысты азамат А. көлігіне ие бола алмай жол-көлік оқиғасына тап болған. Оның кінәсі мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен айғақталады.

Дәрігер сотталушымен медиация тәртібімен бітімгершілікке келді

20/06/2016

Арқалық тұрғыны қалалық аурухананың балалар бөлімі меңгерушісін алқымынан алып,  бас сала қылғындыра бастаған. Келеңсіз жайт айыпталушының кәмелеттік жасқа толмаған ұлы емделіп жатқан ауруханада орын алған. Ер кісі алкоголдік мас күйде екен.

Оқиғадан кейін ағымдағы жылдың 31 мамырында дәрігер жеке шағымымен сотқа жүгінген. Айыпталушы өз әрекетін дәрігердің баласына дұрыс ем жасамауымен түсіндірген.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен жеке пәтер иелері кооперативі арасындағы дау бітімгершілікпен аяқталды

20/06/2016

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Океан» ЖШС-нің «Орталық» жеке пәтер иелері кооперативіне шығын өтемін өндіру шағымы бойынша азаматтық дауды қарады.

Талапкер жауапкерден 140 000 теңге көлеміндегі залады өндіруді сұраған. Жеке пәтер иелері кооперативі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 43 бабына сәйкес көп қабатты үйде тиісті қалыпта ұстауға міндетті бола тұра үй шатырын қар мен мұздан тазартпаған.

Қостанай облысында сот заңнаманы бұзу фактісі негізінде кәсіпкерге қатысты жеке ұйғарым шығарды

20/06/2016

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жеке кәсіпкер қарамағында жұмыс істеген сатушылармен соттасамын деп өзінің еңбек және салық занамаларын бұзғандығының әшкерленуіне себепші болды.

         Меңдіқара ауданында дүкенге иелік еткен 49 жастағы жеке кәсіпкер Марина Даниленко өз қарамағында сатушы болып жұмыс істеген Вероника Кучкинадан қолхат негізінде алған қарызының қалған бөлігі 200 000 теңгені өніріп алу мақсатымен сотқа жүгінген. Өз кезегінде сатушы да мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа қарсы шағым түсірген.