Архив событий

14/06/2016

Қостанай облысының ювеналдық сотының судьялары бала құқығы жайында азаматтарға заң көмегін көрсетті

14/06/2016

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн Ұлттық ақпараттықнауқан аясында мемлекеттік мекемелермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірге бала құқығын қорғау бойынша консултативтік кеңес жұмысына қатысты.

Экономикалық сотта дау медиация жолымен шешімін тапты

14/06/2016

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Таран аудандық әкімдігінің білім бөлімі" ММ-нің "Вист" ЖШС-ін  келісім-шарт бойынша кепілдікті орындауға мәжбүрлеу туралы шағымы бойынша азаматтық дауды қарады.   

Талапкердің шағымы бойынша жауапкер мемлекеттік сатып алу келісім шарттарына орай жасалған жөндеу жұмыстары кезінде жіберілген ақаулықтарды кепілдік міндеттемеге сай жоюы керек.

Жангелдин ауданында екі медиация кабинеті ашылды

14/06/2016

Жангелдин ауданында Торғай ауылы әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДПҚБ-нің ғимараттарында медиация кабинеттері ашылды.

Аудандық соттың бастамасымен жүзеге асырылған медиация кабинетінің ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясының Жангелдин аудандық филиалы төрағасының орынбасарыны Р.Ахметжанов, Торғай ауылының әкімі Г.Сүндетбаев және ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Бірмағамбетов қатысты.