Архив событий

08/06/2016

Қостанай облысында ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзған кадр бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды

08/06/2016

Қостанай облысының Денисов аудандық соты «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ кадр бөлімінің басшысына қатысты әкімшілік материалды қарады. Бөлім басшысы 1966 жылы туған азаматша А. ҚР ӘҚБтК 99 бабы 1 бөлігі бойынша (Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу)  әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген деп айыпталған.

Лисаков қаласының тұрғыны алимент төлемегені үшін бір тәулікке қамалды

08/06/2016

Сот шешімімен кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлеуге міндеттелген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған бір тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Атқару парағына сай азамат К. балаларына көмек көрсету міндетіне орай   азаматша Р-ға ай сайынғы еңбек ақысының 4/1 бөлігін төлеп тұруға міндетті. Алайда бұл талапты орындамаған әкенің алимент бойынша қарызы 171 360 теңгені құраған.