Архив событий

27/06/2016

Рудный қалалық сотына жаңа төраға тағайындалды

27/06/2016

Бүгін Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев Қостанай облысы соттар әкімшісінің басшысы Дастан Каиповпен бірге қызметтік іс сапармен Рудный қаласында болып, қалалық әкімдік ғимаратында жергілікті акивке қалалық соттың жаңа төрағасы Арыстанбай Сәлмұхаметовты таныстырды.  

Бұған дейін ол Лисаков қалалық сотының төрағасы қызметін атқарған. Жалпы жұмыс өтілі 13 жыл. 

Облыстық сот төрағасы А.Сәлмұхаметовты жаңа тағайындалуымен құттықдап, абыройлы қызмет, еңбекте табыс тіледі.

Қостанай қалалық сотында 30 миллион теңге моральдық шығынды өндіру шағымы бойынша азаматтық іс қаралады

27/06/2016

Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылының тұрғыны Қостанай облысының Ішкі істер департаментінен сот арқылы 30 млн. теңге моральдық шығын өндіруге шағымданды.

Қостанай қалалық сотының қарауына түскен шағымда 53 жастағы азамат А. жауапкер "ҚР ІІМ Қостанай облыстық ісшкі істер департаменті" ММ-нен моральдық шығынды өндіруді сұраған.

Өз шағымын азамат келесі жайтпен негіздейді. 2014 жылдың тамыз айының соңында Құсмұрын ауылында оны полиция қызметкерлері ұстап ауылдық полиция бөліміне жеткізген. Ол жерде А. соққыға жығылған.

Жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші 5 тәулікке қамалды

27/06/2016

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 29 жастағы азамат Д-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Ағымдағы жылдың 17 маусымында сағат 13.00 шамасында Қостанай қаласында Красносельский көшесінде құқық бұзушылық жасаған.

Сот азамат Д-ны ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша (сот қаулысын орындамау) жауапкершілікке тартып, оған 5 тәулікке алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ауыл тұрғыны марихуана шеккені үшін 60 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылды

27/06/2016

Қостанай облысының Наурызым ауданының тұрғыны марихуана тартқаны үшін 60 сағат қоғамдық жұмыс істеу түріндегі жазаға тартылды.

Наурызым аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабы 1 бөлігі (есірткі затын медициналық емес қолдану) бойыншы қылмыстық әрекетті жасаған азамат Д-ға қатысты істі қарады. Полиция қызметкерлері 14 маусымда сағат 19.00 шамасында қоғамдық орында есірткі затымен толтырылған шылымды шеккен 25 жастағы Д-ны тоқтатқан.