Архив событий

28/06/2016

Қостанайда ЖШС директоры еңбекті қорғау ережесін сақтамауына орай жұмыскердің өліміне кінәлі деп танылды

28/06/2016

Қостанай қаласының №2 сотында осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған қайғылы оқиғаға кінәлі деп айыпталған ЖШС директорының орынбасары -1979 жылы туған Дмирий Иванченкоға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды.  Ол еңбектi қорғау ережелерiн сақтамаудан абайсызда адам өлiмiне әкеп соғуда, яғни ҚР ҚК-нің 152-бабы 2 бөлігі бойынша (1997 жылғы редакциядағы) айыпты деп танылды.

Полиция қызметкеріне қол жұмсаған жүргізушіге қатысты іс сотта қаралмақ

28/06/2016

Өзінің лауазымдық мiндеттерiн атқарып жүрген полиция қызметкеріне денсаулығына қауiптi күш қолданды деп айыпталған 1983 жылы туған азамат Ч-ға қатысты қылмыстық іс Қостанай қалалық №2 сотының қарауына түсті.

Ол ҚР ҚК-нің 380 бабы 2 бөлігі бойынша айыпталып отыр.

Жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімге айыппұл салынды

28/06/2016

Жангелин аудандық соты бірнеше жыл ауылдық мектепте жалған дипломмен  жұмыс істеген азамат С-ға қатысты ҚР ҚК-нің 385 бабы 3 бөлігі (көрiнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша қылмыстық істі қарады.

Жауапкершілікке тартылушы С. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық иститутында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша  жоғары білім туралы дипломмен ауданның «Сарысу негізгі мектебі» КММ-де дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.