Архив событий

09/06/2016

Алтынсарин ауданының тұрғыны заңсыз ағаш кескені үшін жазаланды

09/06/2016

Қостанай облысының Алтынсарин аудандық  соты 25 жастағы азамат В-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың мамыр айында Сатай ауылында орман алқабы қорына кіретін бірнеше қарағайды кесіп алған. 

Тергеу органдарымен азамат В-ның әрекеті ҚР ҚК-нің 340 бабы 2 бөлігімен дәрежеленген (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау).

Рудный қалалық сотының судьялары балалар үйінде болды

09/06/2016

Жуырда Рудный қалалық сотының судьялары балалар үйінде болып қайтты.

Мекеме басшысы Павел Николаевич сот қызметкерлеріне көрсетілген қамқорлық пен футбол добы, самокат, түрлі ойыншықтар түріндегі сыйлықтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, судьялар материалдық көмек жасады.

Балаларға денсаулық пен бақыт тілеген аталған сот судьясы Е.Слободняк мемлекет келешегі үшін жас ұрпаққа қамқорлық жасаудың маңыздылығын атап өтті.  Ал балалар судьяларға өз қолдарымен жасаған суретті тарту етті.

 

Сот жұмыскердің қазасына бригадирді айыпты деп таныды

09/06/2016

Қостанай облысының Таран аудандық сотының үкімімен 23 жастағы Егор Михейлис ҚР Қылмыстық кодексінің 156 бабы 3 бөлігі бойынша (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзуа байсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) айыпты деп танылды.