Архив событий

07/06/2016

Сот шешімімен азаматшаның мүгедек баласын баққан жылдарының заңды дерегі бекітілді

07/06/2016

Азаматша Г. Қостанай қалалық сотына жүгініп, 1989 жылдан 1998 жыл аралығында мүгедек баласын баққандығының заңды дерегін бекітуді сұраған.

Бұл мәлімет азаматшаға мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынада жасына орай зейнетақы көлемін есептеу үшін қажет болған. Оның 1984 жылы туған ұлы бірінші топтағы мүгедек қатарында.  

Сотқа келген куәгерлер шағымданушының үнемі күтімді қажет ететін мүгедек ұлын баққандығын растады.

Қостанайдың ювеналдық сотында балалардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша дау тараптардың бітімгершілікке келуімен аяқталды

07/06/2016

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш қыз балаларының тұрғылықты жерін анықтауға қатысты туындаған бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы азаматтық  дауды қарады.

Сот отырысы барысында екі тарапта мәселені медиативтік келісім негізінде  шешкендіктерін мәлімдеп азаматтық істі қысқартуға өтініш жасаған.