Архив событий

10/06/2016

Қостанай облыстық соты қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ф.Аракелян және басқаларға қатысты істі қайта қарады

10/06/2016

Бүгін Қостанай облыстық соты судья Асламбек Мерғалиевтің төрағалық етуімен сотталғандар  - бұрын Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ф.Аракелян, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бұрынғы басшысы Ж.Шинкиннің және «СМУ-2010» ЖШС-нің директоры А.Бобровныйдың және олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары бойынша қылмыстық істі қарады.

Қостанай қалалық сотында азаматтық іс партисипативтік келісіммен шешілді

10/06/2016

Талапкерлер Б. жауапкер С-ға ортақ мүлік – Қостанай қаласында орналасқан иеліктегі үйден үлес бөлу туралы шағымымен сотқа жүгінген.

Сот отырысы кезінде тараптар мен олардың өкілдері сотқа дауды партисипативтік келісім жасау жолымен шешу туралы келісімді бекітуге ұсынған. Және де осы негізде істі тоқтатуды сұраған.

Сот іс материалдарын қарап жауапкер С. талапкер Б-ға 3 млн. теңгеден астам қаражат өтеуге міндеттелген партисипативтік келісімді бекітті.