Сот шешімімен азаматшаның мүгедек баласын баққан жылдарының заңды дерегі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматша Г. Қостанай қалалық сотына жүгініп, 1989 жылдан 1998 жыл аралығында мүгедек баласын баққандығының заңды дерегін бекітуді сұраған.

Бұл мәлімет азаматшаға мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынада жасына орай зейнетақы көлемін есептеу үшін қажет болған. Оның 1984 жылы туған ұлы бірінші топтағы мүгедек қатарында.  

Сотқа келген куәгерлер шағымданушының үнемі күтімді қажет ететін мүгедек ұлын баққандығын растады.

Азаматтық істі қарау нәтижесі бойынша сот арыз иесінің талабын  қанағаттандырып, оның мүгедек баласын баққандығының заңды дерегін бекітті.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі