Экономикалық сотында Кәсіпкерлік кодексі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "ҚР Кәсіпкерлік кодексін қолданудағы маңызды мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға сот төрағасы А.Бакишев, судьялар, мемлекеттік мекемелердің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоруы" АҚ-ның Қостанай филиалының өкілдері мен Аграрлық несиелік корпорациясының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Кәсіпкерлік кодексінің өзгерістері мен жаңашылдықтары талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында келесі ұсыныстар жасалды: мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік кодексі бойынша өз ұсыныстарын жолдау және аталған кодекстің салалық бағыттары бойынша мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізу.

 

Қайнар: 
Қостанай облысының экономикалық соты