Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша істе тараптар бітімгершілікке келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Наурызым аудандық соты ҚР ҚК-нің 293 бабы 1 бөлігі бойынша азаматша С-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдары бойынша, азаматша С. «Инфинити» дәмханасының маңында айтарлықтай себепсіз екі қызды ұрып-соғып, оларға дене жарақатын келтірген.

Жәбірленушілер Ж. және Р. соттық тергеу басталғанға дейін азаматша С. келтірген барлық шығындарды өтеуіне орай және тараптар арасында медиациялық тәртіппен бітімгершілік жасалғанын мәлімдеп айыпталушыға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды өтінген.

Сот тараптардың медиация арқылы келісімге келуіне орай азаматша С-ға қатысты қылмыстық істі қысқаруға қаулы қабылдады.

Іс бойынша өндіріс қысқартылды. 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі