Қостанай облыстық сотының төрағасы журланистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

  Бүгін Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев өңір журналистерін «Баспасөз, теледидар және радио күні» мерекесімен құттықтады.

Шараға облыстық соттың алқа төрағалары Арман Шамшиев пен Владимир Долгих, БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша үйлестіруші-судья Гүлманат Артықбаева, «Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының» Қостанай облысы бойынша филиалының төрағасы Бақытқазы Ордабаев, Қостанай облысы соттар әкімшісінің басшысы Дастан Каипов қатысты.

Облыстық сот төрағасы өзінің құттықтау сөзінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Қостанай облыстық сотында сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге баса назар аударылатындығына тоқталды. Нақты, облыс соттарында БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізіліп, әр жарияланым мен сот жүйесі туралы мақала бақылауға алынып, күнделікті мониторинг жүргізіледі.

«Бүгінгідей заңнамада ұдайы өзгерістер орын алып отырған күнде бұқаралық ақпарат құралдары халықты хабардар етуде маңызды рөлге ие. Журналистердің тынымсыз еңбегенің арқасында әлем тынысымен танысып отырамыз, және де тұрғындар сот жүйесінің жұмысы туралы хабардар»- деп атап өтті төраға.

Сонымен қатар Асламбек Мерғалиев БАҚ өкілдеріне жыл сайын журналистер арасында сот қызметі туралы үздік жарияланым тақырыбында өткізілетін, нәтижесі «ҚР Тәуелсіздігі күні» қарсаңында шығарылатын конкурс туралы айтты.

Судьялар сот жүйесіндегі реформалардың негізгі тұстарына тоқталып, электронды технологиялардың қолданылуы мәселелерін айтты.

БАҚ өкілдері өз кезегінде сот қызметкерлеріне көрсетілген құрмет үшін алғыстарын айтып, облыс соттарындағы баспасөз қызметтеріне жақсы жұмыс үшін ризашылықтарын білдірді.

Әр журналиске Қостанай облысы сот қауымдастығының атынан планшет тарту етілді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі