Зейнетақы мен жәрдемақы ұрлаған "Қазпошта" АҚ қызметкерлері сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Таран аудандық сотының үкімімен «Қазпошта» акционерлік қоғамында жұмыс істеп зейнетақы мен жәрдемақы ұрлаған үш азаматша сотталды. Олар бұған дейін ақша ұрлағандыры үшін аталған сот үкімімен шартты мерзімге жазаланған болатын.

Аудандық сот жуырда 50 жастағы Людмила Реймерге, 49 жастағы Светлана Митак пен 62 жастағы Орынтай Қанапияноваға айыптау үкімін шығарды. Олар қызметтік лауазымдарын пайдаланып бірнеше рет топта алдын ала сөз  байласу арқылы сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін талан-таражға салуда кінәлі деп танылды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, «Қазпошта» АҚ Қостанай облысы филиалының Таран ауданының Майское ауылдық байланыс торабы бөлімшесінің басшысы қызметін атқарған Людмила Реймер оператор О.Қанапиянова және маман С. Митакпен келісім арқылы 2012 жылдың 11қаңтарынан  2014 жылдың 16 маусымы аралығында аудандық поштаға келушілердің қозғалмайтынан есепшоттарынан қаражат қымқырумен айналысқан.

«Қазпошта» АҚ қызметкерлері еш таңдаусыз барлық азаматтардың есепшоттарынан түрлі соммада ақша шешіп алып отырған. Осылайша, олар қатарында зейнеткерлер, мүгедектер, жесірлер мен жетімдер бар аудан тұрғындарының қаражатын ұрлаған. Қылмыстық жолмен тапқан 6 млн. теңгеден астам қаражатты сотталушылар өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Тергеу кезінде 1 млн. теңге қайтарылған.

Сот үкімімен үшеуі де қылмыстық әрекетте айыпты деп танылды. Л.Реймерге мүлікін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығыннан айыру жазасы тағайындалды.

Орынтай Қанапиянова мен Светлана Митакқа жалпы тәртіптегі колонияда 5 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырып, мүліктерін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот сотталушылардан «Қазпошта» АҚ пайдасына 5 млн. теңге көлемінде залалды өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі